аываываывавы

Қайырлы күн!

Медициналық колледж ұжымы

Біз Сіздерді Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінің сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі - бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері бар көне оқу орындарының бірі. Медициналық колледж өзінің барлық жылдарында өзектілігін жоғалтпай, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы жағдайында одан да зор маңызға ие болды.

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар дайындап келеді. Олар: мейіргер ісі мамандары, фельдшер, акушерлер, зертханашылар мен стоматологтар. 

Көптеген жылдар бойы колледж Ұлытау облысының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. ЖқОЖМК-нің басты ерекшелігі – біздің түлектеріміз мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін тамаша білім алып қана қоймай, сонымен қатар медицина саласында кең ой-өрісі мен терең кәсіби білімі бар, адамдармен жұмыс істей алатын және адам өмірі мен денсаулығын сақтау ісіне адал мамандар әзірлейді. Біздің түлектер тек Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шет елдерде де еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.

Білім беру жүйесін реформалау және жаңғырту жағдайында медицина колледжінің ұжымы болашаққа сеніммен қарайды. Бүгінгі таңда біздің оқу орнымыз – қазіргі заманғы колледж, оның ұжымы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесін қосуда.

Құрметпен,

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінің директоры

Молдина Меруерт Айтмағанбетқызы

Біздің тәжірибелік сабақтар

       фотофото

       фотофото

 

Келулердің саны: 281154

Жоғары