аываываывавы

Әлеуметтік-экономикалық және жаратылыстану-математика ғылымдары апталығына орай тарих пәнінен ашық сабағы өтті

12.12.2023ж Апталық екінші күні тарих пәні оқытушысы: Медеубаева Айнур Култасовна Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: “Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және рухани мұрасы”. 

 

“Азаттықтың ақ таңы” атты апталықтың ашылуы және 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай ашық тәрбие сағаты.

11.12.2023 жылы “Азаттықтың ақ таңы” атты апталықтың ашылуы және 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай ашық тәрбие сағаты өтті. Ұйымдастырған қоғамдық пәндер оқытушысы: Абильдаева Айна Кенбаевна.

 

Жалпы гуманитарлық пәндер апталығына орай денешынықтыру пәнінен жарыс өтті.

22.11.2023 жылы, Жалпы гуманитарлық пәндер апталығына орай, студенттер арасында тоғызқұмалақтан өткен “Togyzqumalaq Cup” жарысы!

Мақсаты: Ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету. 

Мақсаты: Тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой - өрісін толық дамыту және компьютерлік сауаттылықа, ұқыптылыққа бейімдеу.

Нәтижесінде:

1 орын: Олжабай Марғұлан 138 ЕІ

2 орын: Алшымбек Асылхан 16 Стом

3 орын: Шохан Зере 144 ЕІ

3 орын: Сапарбай Ибрахим 20 Стом

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!! 

 

Жалпы гуманитарлық пәндер апталығына орай ағылшын тілі пәнінен сайыс өтті

21.11.23 Ағылшын пәні бойынша 1 курс 262, 263 МІ, 143, 144 ЕІ топтарының арасында 

«Who is better» сайысы өтті. 

Сайыстың мақсаты: студенттердің шет тілін үйренуге деген ынтасын арттыру; 

сөйлеу әрекеттерін  меңгеруге ықпал ету; 

олардың жалпы интеллектуалдық және тілдік белсенділіктерін ынталандыру; жалпы көкжиектерін кеңейту және мәдени деңгейлерін көтеру;

Сайыс 5 кезеннен тұрды:

I. Таныстыру

II. Үй тапсырмасы:  ән айту

III. Қысқартылған сөздер

IV. Мақал-мәтелдердің аудармаларын табу

V. Әріптер мен сандардан сөйлем құрастыру. 

Сайыс қызықты және мазмұнды өтті. Әділқазылардың шешімімен келесі топтар жеңіске жетті:

1-орын 262 Мейіргер ісі

2-орын 143 Емдеу ісі

3-орын 144 Емдеу ісі.

Белсенділік танытқаны үшін 263МІ тобына  Алғыс хат табысталды. 

Жауапты ағылшын пәнінің оқытушылары:  Жарылғасова С.О., Кожирбаев Д. К.

 

Жалпы гуманитарлық пәндер апталығына орай қазақ тілі пәнінен тәрбие сағаты өтті

20.11.23 жылы  Жалпы гуманитарлық пәндер апталығына орай "22 стоматология" тобымен қазақ тілі пәнінен тәрбие сағаты өтті .

Сабақтың мақсаты: Балаларға әлемді  мойындатқан керемет тұлғалармен таныстыру, ерекше қаситтерін білу.  Және өзіміздің отандастарымыз әлемді мойындатқан қазақтар туралы,  балаларға түсіндіру таныстыру. Балалар сабаққа белсенді қатысып отырды.

 

В ОВМКгЖ прошла "неделя специальных дисциплин" 

В областном высшем медицинском колледже города Жезказган с 06.04 по 13.04 прошла" неделя специальных дисциплин". В ходе недели под руководством преподавателя сестринского дела Калманбаевой Айгуль Курметовны прошел конкурс "Лучшая медицинская сестра". Соревнование прошла среди группы 256  "Сестринское дело".  Участники разделились на команды:  "Гиппократ" и "Денсаулық". Конкурс состоял из 4 этапов, ознакомительных, манипулятивных мероприятий, вопросов и ответов, ситуационных задач и домашних заданий. В результате соревнований победила команда "Гиппократ". Студенты, принявшие активное участие в мероприятии, были награждены дипломами, призами.

 

ЖқОЖМК-де хирургия пәні бойынша десмургиядан конкурс өтті

11 сәуірде 56/57 ад топтары арасында хирургия пәні бойынша десмургиядан конкурс өтті. Жеңімпазпар 57 ад тобы. 57 ад топ оқушысы Қарақат Утепова көрермендер көзайымы номинациясының иегері  атанды.

ЖқОЖМК-де Хирургиялық аурулар бойынша ашық сабақ өткізілді

07.02.2023ж. 135 ЕІ тобында хирургиялық аурулар пәні бойынша “аппендицит”тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 

Колледжде мейірбике пәні бойынша ашық іс-шара өткізілді 

12.04.2023 ж. мейірбике пәні оқытушысы "Медицинские манипуляции"тақырыбында 132 ЕІ мен 255 МІ тобы арасында ашық іс-шара өткізді.

ЖқОЖМК-де мейірбике пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. 

10.04.2023 ж. мейірбике пәні оқытушысы 253 МІ тобында "Наблюдение и уход за гериатрическими пациентами с заболеваниями органов дыхания" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Тыныс алу мүшесі ауруларының ерекшеліктерін талдау: гериатриялық науқастардағы бронхит, пневмония, өкпе қатерлі ісік.

 

Колледжде «Кім көп біледі?» атты ашық пікір сайыс сабағы өткізілді.

24.11.2022 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Достанбекова Қамажай Бектасовна  «Кім көп біледі?» атты ашық пікір сайыс сабағын өткізді. Пікір сайыс сабағында екі команда болып сайысқа түсті. Мұнда қазақ тілінің грамматикасынан көптеген сұрақтар дайындалды.

Сонымен қатар Алаш қайраткерлерінің өмір тарихы, еңбектері сұрақ-жауап арқылы бағаланды.

Сабақтың мақсаты: Оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың білім қорын анықтау, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәнерлерін, әдеби көркем сөйлеуін,өз пікірлерін дәлелдеп шығуға қалыптастыру. Пікір сайыс арқылы білім қорларын байыту, оқушыларды тез ойлауға, шешім қабылдап өзін көрсете білуге қалыптастыру.

Сайыста сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдерді жалғастыру, мәнерлеп оқуға бағалар қойылды.


Колледжде Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына арналған  тарихи  кеш өткізілді. 

2022 оқу жылындағы Жалпы білім беретін пәндер апталығыңың екінші күні Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына арналған  тарихи  кешке ұласты . Кештің мақсаты :

 - Мемлекет мәмігерлері Қаз дауысты Қазыбек  бидің өмірі қызметі, даналықтары туралы білімдерін  толықтыру.Би деген атауға түсінік бере отырып , қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу;

- Студенттерге Қаз дауысты Қазыбек – төбе би мағынасының мәнін ашып, тереңірек ұғындыру

- Отанға , еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлы тұлғаларды , қадірлеуге , құрметтеуге үйрету;

 Кешке студенттер өте жоғары дайындықпен келді. Әсіресе ұлы билеріміздің рөлдері сөмдалып,нақыл сөздері болашақ үлгі аларлықтай  етіп жеткізілді . Қаз дауысты Қазыбектің  14 жасында Қалмақтың ханы  Қонтайшының аузын аштырмай ,елшілікке баруы әдемі көрініс тапты .

Үш кемеңгер дүлділім 

Сақтаған ел бірлігін 

Қазақта қара қылды қақ бөлген 

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің 

Өміріне, сөз үлгілеріне зер салайық. -деп  С. Торайғыров ақынымыз  жырлағандай ,бүгін де елдің бірлігін , татулығын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек бидің өмір тарихынан сыр шертетін ақын Дидар Қамиев пен Сара Тоқтамысованың  айтысы кеш ажарын аша түсті. 

Кеш соңы студенттердің «Мен қазақпын»  әнімен аяқталды.

Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы  Кенишбаева Г.Т


ЖқОЖМК математика пәнінен ашық сабақ өтті.

06.12.2022 ж әлеуметтік экономикалық және жаратылыстану математикалық циклдың әдістемелік комиссиясының апталығы аясында математика пәнінен ашық сабақ өтті. Жауапты: математика пәні мұғалімі Ибраева Г.Б. 140 ЕІ тобымен.


Колледжде кәсіби ағылшын тілі бойынша ашық сабақ өткізілді.

22.11.2022 жылы ағылшын тілі оқытушысы Кожирбаев Д.К. кәсіби ағылшын тілі бойынша ашық сабақ өткізді. Тақырып "The circulation of the blood. Modal verbs". Сабақтың мақсаты - адам ағзасындағы қан айналымын түсіну және сөйлемде модальды етістіктерді қолдану. Сабақ барысында оқытудың әртүрлі формалары қолданылды.


Кәсіби ағылшын тілі пәнінен «Work of the Human Heart. Verbs» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. 

24.11.2022 жылы ағылшын тілі оқытушысы Муканова А.Р. кәсіби ағылшын тілі бойынша ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: «Work of the Human Heart. Verbs». Сабақтың мақсаты: жүрек циклі туралы түсінік беру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, коммуникативті дағдыларды дамыту; сөздік қорын байыту.

Сабақта оқытудың әртүрлі әдістері қолданылып, ситуациялық мәселелер шешілді.


Әлеуметтік - экономикалық және жаратылыстану - математикалық пәндер ЦӘК апталығының ашылуы.

05.12.2022-09.12.2022 ж "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ" атты әлеуметтік экономикалық және жаратылыстану математикалық пәндер ЦӘК апталығы басталды. ЦӘК ТӨРАЙЫМЫ: МЕДЕУБАЕВА АЙНУР КУЛТАСОВНА  ашылу салтанатын өткізді.


"Значение и смыл первой медицинской помощи. Стили речи" тақырыбында ашық сабақ.

25.11.2022 жылы Орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Альменова А.Ж. кәсіби орыс тілі пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: “Значение и смыл первой медицинской помощи. Стили речи”.  Сабақтың мақсаты: АМСК мәні мен мағынасы туралы теориялық білімді қалыптастыру, сөйлеу мәнерлері туралы білімді жүйелеу, логикалық ойлауды дамыту, сөздік қорын байыту және сөйлеуді дамыту.

Сабақта оқытудың әртүрлі әдістері қолданылып, ситуациялық тапсырмалар шешілді.


Жалпы гуманитарлық пәндер апталығы: "Мы - знатоки русского языка".

Жезқазған қаласының Облыстық жоғары медициналық колледжінде жалпы гуманитарлық пәндер апталығына арналған іс-шаралар аясында 139 лд тобының студенттері орыс тілі бойынша "Мы - знатоки русского языка" атты іс-шарасына белсенді қатысты. Іс-шара өте қызықты өтті. 

Қатысушылар: 139 ЕІ және 21 стом студенттері.

Жауапты: Цай Лариса Тимофеевна. 


 

Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінде 21.01.2022 жылы «Жас мамандар» сайысы өтті. Сайысқа колледжіміздің 4 жас маманы қатысты: Есіркеп М. биология, Игенова Б.Н. анатомия , Муканова А.Р. ағылшын және Кожирбаев Д.К. ағылшын пәнінің оқытушылары.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1. Таныстыру.

2. Эссе сайысы.

3. Өз өнерін көрсету.

4. Педагогикалық ахуал.

5.Бейнежазба «Жаңашыл- Ұстаз».

 

Сайысқа қатысушылар әр кезеңде өздерінің шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Әділқазылардың шешімімен сайыстың жеңімпазы болып анатомия пәнінің оқытушысы Игенова Бекзат Нұрсүтпаевна аталды. Сайыскерлер номинациялар бойынша төс ленталары және диплом қағаздарымен марапатталды, сонымен қатар колледжіміздің кәсіподағының атынан ақшалай сертификаттарға ие болды.

 

 

«Жас мамандар» сайысының жеңімпазы «Үздік жас маман- 2022 » номинациясының иегері Анатомия пәнінің оқытушысы Игенова Б.Н.

 

 

«Тапқыр жас маман» номинациясының иегері Есіркеп М.Т.

 

«Шығармашыл жас маман» номинациясының иегері Муканова А.Р.

 

«Өнерлі жас маман» номинациясының иегері Кожирбаев Д.К.

 

20,01,2022 ж. Республикалық «Гиппократ» олимпиадасына жеңімпаздар мен жүлдегерлер дайындаған ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды.

 

Моторыкина О.В. Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінде 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2021 оқу жылы біліктілік тестілеуден өтіп «Зерттеуші- педагог» біліктілігін алды. Оқытушының шәкірттері «Мейіргер ісі» пәні бойынша көптеген халықаралық, республикалық олимпиадалар мен сайыстарға және ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Ольга Владимировнаның оқытушы ретінде Республикалық «Жыл үздіктері-2021» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылып Дипломмен марапатталды.

 

20.01.2022 ж. Колледжде жаңашыл педагогтардың озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу мақсатында іс-шара өтті. Мейіргер ісі пәнінің оқытушысы О.В. Моторыкина өз тәжірибесін жинақтап, жұмыстарын ортаға салып, ұжыммен бөлісті.

 

18.11.2019 ж по 22.11.2019 ж. Жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК апталығы.

Жезқазған қаласы жоғары медициналық колледжінде 18.11.2019ж-22.11.2019ж аралығында Жалпы гуманитарлық білім беретін пәндер ЦӘК апталығы басталды.Апталық күмбірлеген күй мен шарықтаған әнмен бастауын тапты.

 Жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК апталығы.

Жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК апталығы.

Жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК апталығы.

Апталықтың екінші күні Қамажай Бектасовнаның ұйымдастыруымен «Фонетикалық тамшылар» атты жарыс өтті.Жарыс қазақ тілінің қилы сырлыарын тауып,ережелерін еске түсірді.Студенттер «Дауысты дыбыстар», «Дауыссыз дыбыстар» болып екі топқа бөлінді. Сайыстың соңы «Дауыссыз дыбыстар» тобының жеңісімен аяқталды.Сайыста ән де айтылды,жыр да төгілді.

«Фонетикалық тамшылар» байқауы

 «Фонетикалық тамшылар» байқауы

 «Фонетикалық тамшылар» байқауы

 «Фонетикалық тамшылар» байқауы

Апталықтың үшінші күні Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлең сөзің патшасы-сөз сарасы» Абай шығармалырына арналған әдеби-музыкалық іс шарасы өтті.Іс шараны Кенишбаева Гулзейнеп Тусупназаровна ұйымдастырды.

Кеш «Әке алдында» атты көрініспен басталып,Абайдың әндері шырқалды,өлең-поэмалары оқылды.Колледждің жас ақындары Абайға жыр жолдарын арнады.

 Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды шара

 Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды шара

 Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды шара

 Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды шара

 Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды шара

 Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды шара

Апталықтың мазмұнын әрі қарай аша түскен Цай Лариса Тимофеевна өткізген «Этот занимательный русский язык» атты сайысы.Сайыста студенттер орыс тілінің грамматикасын қалай меңгергендіктерін түрлі ойындар арқылы көрсете білді. Тапсырмалардың бәрі студенттердің жарысқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

«Бұл көңілді орыс тілі»

«Бұл көңілді орыс тілі»

«Бұл көңілді орыс тілі»

«Бұл көңілді орыс тілі»

25 қарашада апталықтың жабылуы аясында іс-шараларға белсене қатысқан студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Хотим поблагодарить всех, кто принял участие в мероприятиях, за волю к победе, серьёзную подготовку и позититвное общение!

Жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК апталығы.

Жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК апталығы.

Жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК апталығы.

11.11.19 ж. Жүктілік патологиясы, гипертензиялық жағдай" тақырыбында ашық сабақ

2019 жылы 11 қарашада акушер және гинекология оқытушысы Т. Н. Ким 245 МІ тобында "Жүктілік патологиясы, гипертензиялық жағдай" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты-студенттерді үйрету,білім беру оларға барлық қажетті манипуляцияларды сауатты орындау. Өйткені ана мен баланың өмірі мен денсаулығы болашақ медицина қызметкерлері алған білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолдана алатынына байланысты.

Жүктілік патологиясы, гипертензиялық жағдай

Жүктілік патологиясы, гипертензиялық жағдай

 

30.09.19 г  «Тіс жегінің зақымдану деңгейіне байланысты клиникасы және емін (дақ, біткей, орташа) игерту»

Жезқазған жоғары медициналық колледжінде 11 Стоматология тобында «Тіс жегінің зақымдану деңгейіне байланысты клиникасы және емін (дақ, біткей, орташа) игерту» тақыры бойынша стоматология пәнінің оқытушысы Алимбетова Зауреш Аленовна ашық сабақ өткізді. Оқытушы студенттерге жалпы түсінік бере отырып тақырыпқа деген қызығушылықтарын қамтамасыз етті. Тәжірибе арқылы этика-деонтологиялық принциптері негізінде пациентпен қарым-қатынастың коммуникативті дағдылары меңгерілді.

«Тіс жегінің зақымдану деңгейіне байланысты клиникасы және емін (дақ, біткей, орташа) игерту»

«Тіс жегінің зақымдану деңгейіне байланысты клиникасы және емін (дақ, біткей, орташа) игерту»

«Тіс жегінің зақымдану деңгейіне байланысты клиникасы және емін (дақ, біткей, орташа) игерту»

«Тіс жегінің зақымдану деңгейіне байланысты клиникасы және емін (дақ, біткей, орташа) игерту»

 

28.01.2019                                                          Педагогикалық оқулар өтті.

Оқытушылардың біліктіліктерін арттыру мен функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру мақсатында колледжімізде жылда педагогикалық оқулар өтеді. Биылғы педагогикалық оқуларға 4 баяндама ұсынылды.

1.«Тәжірибелік сабақты ұйымдастыру/Организация практического урока» Жұмабаева З.Қ.

«Тәжірибелік сабақты ұйымдастыру

2. Алимбетова Л. А. "Болашақ тұлға үшін жалпы кәсіптік пәндер бойынша білімнің маңыздылығын оқыту мед.қызметкердің»

3."Тарих сабағында оқытудың проблемалық технологиясын қолдану" Ахметжанов Д. А.

4.«Оқыту мен бағалаудың тиімді тәсілдері» Ахметова С.С.

«Оқыту мен бағалаудың тиімді тәсілдері»

Педагогикалық оқулар

   

21.01.2019 ж                                                  Педагогикалық диалог өткізілді.

Бұл отырыс Елбасымыздың биылғы Жолдауында жария еткен педагог мәртебесін көтеруге бағытталған жаңа заңның мазмұнын кеңінен талқылау мақсатында өткізілді. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында педагогтердің құқықтық жағдайын сапалы түрде жақсартуға және олардың әлеуметтік қорғалуына кепіл болатын, педагогтердің қызметіне қатысты құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарын реттеу қарастырылған. Тарих пәнінің оқытушысы А.И.Балабаева 

Педагогикалық диалог

 

Бастаушы оқытушылар мектебі (БОМ)

Колледжде үнемі Бастаушы оқытушылар мектебі (БОМ) жұмыс жасайды. БОМ-нің мақсаты- жасмамандардың әдістемелік дағдыларын, үнемі өздігінен даму мен жетілу қажеттіліктерін қалыптастыру.

Школа начинающего преподавателя (ШНП).

Школа начинающего преподавателя (ШНП).

Колледж психологы Д.Ш.Оспанова «Оқытушының тәрбие үрдісіндегі орны» тақырыбында БОМ отырысында сабақөткізді. Жасмамандарға оқытушының құзыреттілігі сабақтың нәтижелі өтуіне тікелей байланысты екендігін атап өтті.

Школа начинающего преподавателя (ШНП).

Школа начинающего преподавателя (ШНП).

 

Педагогикалық шеберхана

2018.31.10. Педагогикалық шеберхана мектебінің отырысы өтті.

Колледж директорының ОІЖ орынбасары С.А.Тоқтыбаева 25,26 қазанда Астана қаласында өткен Жаһандық конференция жайында айтып өтті. Конференция денсаулық сақтау қызметтеріменәлем халқын жаппай қамтуға және оның тұрақты дамуының жолдарын шешуді қарастыруға арналған.

Педагогикалық шеберхана

Келесі сөз Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде өткен « Студенттерді бағалау бойынша медициналық білім беру ұйымдары жаттығушыларының озық курсы» атты модульдік оқытуға барып келген колледж оқытушылары Қ.Д.Ахметова және Ж.Ш.Мамбетоваға берілді.

Педагогикалық шеберхана

Педагогикалық шеберхана

Педагогикалық шеберхана

 

06.11.2018 жылы 118 ЕІ тобында фармакология негіздері және латын тілі оқытушысы жоғары санатын дәлелдеу мақсатында «Жалпы кәсіптік пәндерді интеграциялау» әдістемелік міндетімен, «Морфология.

Клинические терминоэлементы» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта келесі пәндермен байланыс жүргізілді: кісіптік орыс тілі, анатомия, физиология, микробиология, валеология, фармакология, ішкі аурулар пропедевтикасы. IT ресурстар, дидактикалық материалдар қолданылып, проблемалық есептер шығарылды.

Студенттердің сабақтан тыс жүргізген өздік жұмыстары, ізденіс жұмыстары және зерттеу жұмыстары қолданыс тапты.

Открытый урок на тему «Морфология.

Открытый урок на тему «Морфология.

Открытый урок на тему «Морфология.

Открытый урок на тему «Морфология.

Открытый урок на тему «Морфология.

Открытый урок на тему «Морфология.

Открытый урок на тему «Морфология.

Открытый урок на тему «Морфология.

 

2018 ж. 7 қарашасында мейіргер ісі пәнінің оқытушысы З.Қ.Жұмабаева ҚММ Университетінде оқып келген «Стандартталған пациенттерді қолдана отырып оқытуды ұйымдастыру» тақырыбына баяндама оқыды.

Заседание школы педагогического мастерства

Заседание школы педагогического мастерства


Келулердің саны: 11173

Жоғары