аываываывавы

Заведующая отделением- Сестринское дело

Мамандық 09130100 - «Мейіргер ісі»

Біліктілік 4S09130103 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»    

Бөлім меңгерушісі:

Жумабаева Заузамирхан Калжановна

Жұмыс өтілі: 10 жыл

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі Республиканың денсаулық сақтау саласында халыққа дәрігерге дейінгі, емдеу-профилактикалық, реабилитациялық көмек көрсету мақсатында 09130100 - «Мейіргер ісі» мамандығы, 4S09130103 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі бойынша орта буын медицина қызметкерлерін даярлайды.

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, жалпы орта білімнен кейін және 3 жыл 10 ай негізгі білімнен кейін.

09130100 - «Мейіргер ісі» мамандығы, 4S09130103 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі бойынша кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келеді және білім алушылардың келесі құзіреттіліктерді меңгеруін көздейді:

Базалық құзіреттер: оқыту, кәсіптік өсу, оқытудың ұзақ мерзімді жоспарлау дағдыларын меңгерген, ақпаратты жинайды және талдау жүргізеді, практикада білімін қолданады, жұмысында және өзін- өзі дамыту үшін ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдаланады, қоғамдық өмірге белсенді қатысады, кәсіптік этикалық қағидаларды сақтайтынын көрсетеді, жұмыс ортасындағы эстетиканы бағалайды және қолдайды, жағдайды есепке ала отырып, әртүрлі адамдармен тиімді қарым- қатынастарды көрсетеді, әртүрлі топта жұмыс істегенде жауапкершілікті көрсетеді.

Кәсіптік құзіреттер: қоршаған орта мен адамдардың қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін пайдаланады, қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мен қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін инновациялық технологияларды қолданады,медициналық қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стандарттарға сәйкес ем шараларды орындайды.

Клиникалық құзіреттер: пациентке орталықтанған тәсілді пайдалана отырып, оның жақындары мен туыстарының қатысуымен мейіргер күтімін іске асыру, физикалық тексеру және мейіргер сұхбатын қолдана отырып, пациент туралы мәлімет жинайды, зерттеу нәтижесін қарап, пациент мәселесін қалыптастырады, мейіргер күтімінің жоспарын жасайды, мейіргер күтімінің жоспарын құжаттайды және іске асырады, пациентті күтудің тиімділігін бағалайды, тиімді оңалтудың негізінде пациенттің функционалдық қабілеттілігін жақсартады, өзінің күнделікті қызметінде дәлелденген мейіргер практикасын пайдаланады.

Колледж түлектері оқуын аяқтап, маман сертификатын алған соң, түрлі медициналық мекемелерде медициналық тәжірибеге кірісе алады. Колледжіміздің біліктілікті арттыру бөлімінде түлектер және денсаулық саласында қызмет етіп жүрген орта буын медицина қызметкерлері біліктіліктерін арттырады.

Эскулап із басарларына мәлімет

Жезқазған қаласының медициналық колледжі 1961 жылы 20 мамырда әйгілі геолог, ғылым академиясының алғашқы президенті Қ.И.Сатбаевтың қолдауымен медициналық училище болып ашылды. 1961 жылдың қыркүйек айында фельдшерлік мамандыққа екі топ және жалпы тәжірибедегі медбике мамандығына бір топ студенттер қабылданды. Медбике мамандығының алғашқы түлектері 1963 жылы, ал фельдшер мамандығының алғашқы түлектері 1964 жылы шығарылды. 1971-1981 жылдары училищеде фельдшерлерді, акушерлерді, жалпы тәжірибедегі медбике және балалар саласының медбикесін даярлады. 1990 жылы училище мемлекеттік тілде оқытылатын топтарды қабылдады. 1995 жылы училище негізінде орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеретін бөлім ашылып, қазіргі таңда белсенді жұмыс істеп келеді. Медучилище 1996 жылы 14 маусымдағы ҚР ДСМ №282 бұйрығымен медициналық колледж болып қайта құрылды. Қазіргі таңда Жезқазған қаласының медициналық колледжінде «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Стоматология», «Лабораториялық диагностика» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Колледжде арнайы пәндер, жалпы кәсіптік пәндер, жалпы гуманитарлық пәндер, әлеуметтік-экономикалық пәндері циклы жұмыс істеді. Заманауй техникамен жабдықталған кітапхана, ақпараттық технологиялар кабинеті, ағылшын тілі кабинеті студенттердің қолдануында. Медицинаның қыр-сырын жетік меңгертуге арналған арнайы муляждармен, тренажерлармен, электронды қуыршақтармен, электронды бағдарламамен түрлі ауру белгілерін көрсететін манекендермен жабдықталған 2 симуляциялық орталық, стомотологиялық орталық жұмыс істейді. Кәсіби сабақтарды өткізуге арналған хирургиялық блок, мейіргерлік блок, акушерия және гинекология кабинеті, педиатрия, терапия, анатомия және физиология, патология, фармакология, гигиена, жұқпалы аурулар, микробиология, тіс протездерін дайындау, химия, лабораториялық диагностикалау кабинеттері қолданылады. Колледж студенттері терапия, хирургия, акушерия, педиатрия, мейіргер ісі, фармакология, анатомия, биофизика, микробиология және т.б. үйірмелерінде ізденіс жұмыстарын жүргізіп халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға материалдарымен шығып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Колледжде студенттерге кәсіби құзіреттілігін дамытып, жан-жақты маман болып қалыптасуына жақсы жағдай жасалған.

Студенттердің клиникалық тәжірибеден өтуі үшін келесі медициналық мекемелермен үш жақты келісім шарт жасалып, клиникалық база болып бекітілген:

  1. КМК «Жезғазған қаласының орталық ауруханасы»;
  2. КМК «ОМЖЖС»
  3. ЖШС «Жезғазған медициналық орталығы»;
  4. КМҚК «Жезғазған қаласының емханасы»
  5. КМҚК «Сатбаев қаласының ауруханасы»
  6. КММ «Сатбаев қаласының емханасы»
  7. ЖШС «Жүрек»
  8. ЖШС Стоматология «Әсия»
  9. ПК «Қаратал»
  10. ОДА «Тильман»
  11. ОДА «Абильдинова»
  12. ОДА «Ахметова»
  13. ОДА «Ликерова»
  14. ОДА «Жезденсаулық»
  15. ТОО «Кошумбаева»

 

Колледж миссиясы – кәсіби құзіретті, білім-тәжірибесін пациентке арнап, оның денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын орта буынды маман дайындау. 


Келулердің саны: 12225

Жоғары