1 наурыз – Алғыс айту күні
Қазақстан Республикада алғаш рет аталып отырған 1 наурыз– Алғыс айту күнінде КМҚК «Жезқазған қаласының медициналық колледжінде» іс-шара өткізілді. Онда колледж директоры мен әкімшілігі барлық ұстаздарға және студенттерге, олардың қажырлы еңбектеріне, оқудағы жетістіктеріне жеміс тілей отырып, алғыс білдірді.
Колледж студенттері өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ж.К. Жалғасбаеваның және колледж педагог-психологы Д.Б. Жалмағанбетованың жетекшілігімен ұстаздарға әртүрлі ұлттар тілінде өлеңдер оқып, қызғалдақ сыйлап өз алғыстарын білдірді.
Колледж белсенділері қаланың әкімшілікті және денсаулық сақтау мекемесінің басшыларын өздерінің түпнұсқалық құттықтауларымен құттықтап, алғыс білдірді. Колледж студенттері өздерінің құттықтауларына қала әкімі Б.Д. Ахметовтен, орынбасары З.Ж. Ақылбековадан, ҚОДСБ ЖАӨ басшысы Б.А. Айтпаевадан жақсы тілекті жауаптар естіді.