Жезқазған қаласының медициналық колледжінде 2018 жылы 11қазан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстелі өткізілді.
Шараның мақсаты – Елбасымыздың жаңа жолдауын, оның әр тармақтарын жүйелі және айқын іске асыру мақсатында Жолдаудың негізгі ережелерін талқылау.