2019 жылы 18 қазанда Жезқазған жоғарғы медициналық колледжінде Жастар жылының аясында «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты іс-шара өтті. Іс-шараны 124 Емдеу ісі тобының кураторы Жалғасбаева Жібек Кәрібозқызы ұйымдастырды.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Абай Арыстанбекұлы Бағчай қатысты. Іс-шарада студенттер жастар тәрбиесі туралы көрініс қойып, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шарадан көрермендер жақсы әсер алып қайтты.