Бүгін Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінде, жылдағы дәстүрге айналған "СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ" мерекелік іс- шарасы онлайн түрде атап өтілді. Іс -шараға 1 курс топтарының топ басшылары шақырылды.
Топ басшыларына колледж директоры Молдина М.А. сынақ кітапшалары мен студенттік билеттерін табыс етті. Іс-шара санитарлық талаптарға сай, ара-қашықтық сақталып өткізілді.
Іс-шараны колледж оқытушылары Жұмабаева З.К. және Медеубаева А.К. ұйымдастырды.