4-15 ақпан арасында өтетін "Ауған жерінде от кешкендер" атты Жезқазған iшкi саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен және Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжі студенттері қатысуымен тарихи тағылымы мол онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында "Ауған ардагерлері" ҚБ төрағасы Ақылбек Түсіпұлы жастарды қызықтыратын сұрақтарына жауап бере отырып, патриоттық сезім, ұлтқа деген махаббат, адал еңбек сынды өзекті тақырыптарды қозғай отырып жастарға мол табыс тiледi. Кездесу студенттер үшін өте әсерлі өтті. Алғысымыз шексіз!