Бүгін, яғни ақпан айының 5-ші жұлдызы күні Жезқазған ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және Жезқазған қаласының жоғарғы медициналық колледжі студенттерінің қатысуымен өткен "Ауған жерінде от кешкендер" атты "Zoom" арқылы онлайн керемет іс-шара ұйымдастырылған болатын. Іс-шараға біздің колледжден бөлек басқа да жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері қатысты.
Ұйымдастырылған іс-шарада басты кейіпкеріміз, Ауған соғысының ардагері Бирмағанбетов Бейсенбек ағамыз қонақта болды. Сұқбат барысында ағамыз Ауған соғысында басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп қана қоймай, жастарымыздың көкейінде жүрген сұрақтарына да жауап берді. Сондай-ақ, жастарға көптеген ақыл кеңестер айтып, олардың елге, жерге деген махаббаты жоғарғы деңгейде болу керек екендігін жете түсіндірді. Сонымен қатар қазіргі заманда аса талқыға түсіп жүрген мәселе,жігіттердің отан алдындағы борышын өтеуден, әскерге барудан бас тартып жүрген жастарымыздың бұл ісі дұрыс еместігін және әскерден қашқақтамай бару керектігін басып айтты.
Жалпы өте жоғарғы деңдейдегі кездесу болды десекте болады. Ең алдымен Бейсенбек ағамызға және ұйымдастырушылар мен барша қатысушыларға алғысымыз шексіз. Рахмет!