Жезқазған қаласы жоғары медициналық колледжінде 01.06.21ж күні «Адам денсаулығы – қоғам байлығы» атты Арнайы пәндер ЦӘК апталығы аясында «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Қалманбаева Айгуль Курметовна, ЗУМ платформасы арқылы 122ЕІ,251МІ топ студенттерінің қатысуымен «Білгірлер» онлайн - сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: Студенттердің кәсіби шеберліктерін қалыптастыру, коммуникативті дағдыларды жетілдіру және кәсіби біліктілігі жоғары маман дайындау.Сайыстың міндеті: Студенттердің білімпаздығын жандандыру және тәжірибелік ептіліктерін арттыру.
Сайысқа 122ЕІ тобы «Авиценна» және 251МІ тобы «Гиппократ» командалары қатысты. Көкпар сайысы кезеңінде ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы мейіргер ісі пәні бойынша дайындаған сұрақтарға жауап беріп, 2 команда да тең ұпай алды. Ал «Жүзден жүйрік» сайысы кезеңінде, ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы жағдаятты есептерге жауап беріп, өздерінің іс-әрекет шешімдерімен бөлісті. Бұл кезеңде «Авиценна» командасы басымырақ түсіп,жоғары ұпай алды. Үшінші кезеңде студенттер өздерінің қазіргі өндірістік практика кезінде,мейіргер ісі пәнінен алған білімдері мен тәжірибелік ептіліктерін денсаулық сақтау мекемелерінде ұштастырып,КМИС бағдарламасы арқылы дәрігердің тағайындауларын орындау сәттерінен көрініс жасап, бейнеролик көрсетті. Мейіргер ісі пәнінен жинаған тәжірибелерін Жезқазған, Сатпаев қалаларының емханаларында жүргізді. Командалардың жинаған ұпай сандарының нәтижесінде,теориялық білімі мен тәжірибелік біліктілігі басымырақ болған «Авиценна» командасы жеңіске жетті.