Бүгін қазақ баласының ғарышқа аттанғанына тура 30 жыл толды. 1991 жылдың 2-ші қазанында Тоқтар Әубәкіров халықаралық экипаж құрамында көкке көтерілді. Бұл оқиға Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын бастап берді. Осыған орай 5.10.21 күні Жезқазған жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері дебатка қатысты.
Студенттер көп пайдалы ақпараттармен бөлісіп отырды. Тоқтар Әубәкіров халықаралық экипаж мүшелерімен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін білді. 2-ші қазан - ел тарихиындағы ерекше күнге айналды. Қазақ баласы ғарышқа аттанды.