Жезқазған қаласы жоғары медициналық колледжінің майталман ардагер ұстазы, анатомия және физиология пәндерінің жоғары санатты оқытушысы Оразбекова Алма Төлековнаның 69 жасқа қараған шағында өмірден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Алма Төлековна медициналық колледжде 1975 жылдан жұмыс бастап жұмыс істеді.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, фельдшерлік және мейірбике бөлімдерінің меңгерушісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
"Алтын кітап" атты Республикалық энциклопедияға енген. "Білім беру саласының үздігі" төсбелгісінің иегері. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Еңбек ардагері"медалінің иегері. "Гордость образования" орденінің иегері. "Лучшие люди" халықаралық энциклопедиясына енгізілген. "Жеңістің 70 жылдығы" медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Есімі Жезқазған қаласы жоғары медициналық колледжінің Құрмет кітабына жазылған. Алма Төлековнаның балаларына,туған-туыстарына, ұжымға қайғыра көңіл айтамыз.
Иманы саламат, жаны жәннәтта болсын.