Жалпы білім бертін гуманитарлық пәндер апталығының екінші күні Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсаринның шығармашылығына арналған «Үміт еткен көзімнің нұры -балам» атты әдеби зияткерлік ойынға ұласты.
Сайыс кезінде туденттер білімдері мен өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға берілді.
І орынды «Ыбырай шәкірттері» командасы,ал ІІ орынды «Бес жұлдыз» командасы иеленді.Жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.Кеш Ыбырай атаның батасымен аяқталды. Іс-шараны жоғары санатты,сарапшы –педагог Г.Т.Кенишбаева ұйымдастырды.