аываываывавы

1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні
 
 
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130 - дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір - біріне деген сый - құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Осы тамаша мереке қарсаңында 19 стом тобында кураторлық сағат өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: студенттердің Қазақстанның мемлекеттік мерекелері туралы білімдерін кеңейту, студенттер арасында достық қарым-қатынастарды қалыптастыру, бір-біріне деген құрмет, әртүрлі ұлт өкілдеріне деген құрмет.
 
 

Келулердің саны: 1551

Жоғары