Ата-аналар форумы.
28.05.2022ж. 2022 жыл "Балалар жылы" аясында Жезқазған қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен "З" ЖББОМ Жезқазған қаласының мектептерінің ата-аналары үшін "Ата-аналар" форумы өтті. Форумға барлық мектептің бітіруші түлектері және ата-аналары қатысты.
Форумның басты мақсаты 2021-2022 оқу жылының қорытындысы және 9 сынып аяқтаған оқушыларға болашақта мамандық таңдау бағытына көмек көрсету үшін қаламыздың кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындары шақырылған.
Форумға Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінің қабылдау бөлімінің қызметкері Мусаева А.Т., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Абильдаева А.К. және тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Алькенова М.А. мен студенттері барып қатысты. Бағдарлама қаладағы оқу орындарының көрмесімен басталып, Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжі ата-аналар мен талапкерлерге бағыттар, мамандықтар туралы және қабылдау ережелері туралы толық ақпарат берді.