2022 жылдың 15 қарашасында Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінде Жұмыс берушілер күніне арналған іс-шара өтті. Шараға облыстың барлық медициналық ұйымдары – колледждің әлеуметтік серіктестерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Кездесу барысында колледжге экскурсия жүргізіліп, жұмыс берушілер, оқытушылар және студенттер арасындағы диалог алаңында өзекті мәселелер талқыланды. «Мен жұмысқа тұрамын» психологиялық ойын-тренинг өткізілді. Жұмыс берушілер өз тәжірибелерімен бөлісті, студенттер мен мұғалімдерге ұсыныстар берді. Жұмыс берушілер Білім министрінің, облыс әкімінің орынбасарының, облыстық білім басқармасының басшысының мадақтау қағаздарымен марапатталды.
Шара шығармашылық концертпен аяқталды.