2022 оқу жылындағы Жалпы білім беретін пәндер апталығыңың екінші күні Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына арналған тарихи кешке ұласты . Кештің мақсаты :
- Мемлекет мәмігерлері Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірі қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру.Би деген атауға түсінік бере отырып , қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу;
- Студенттерге Қаз дауысты Қазыбек – төбе би мағынасының мәнін ашып, тереңірек ұғындыру
- Отанға , еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлы тұлғаларды , қадірлеуге , құрметтеуге үйрету;
Кешке студенттер өте жоғары дайындықпен келді. Әсіресе ұлы билеріміздің рөлдері сөмдалып,нақыл сөздері болашақ үлгі аларлықтай етіп жеткізілді . Қаз дауысты Қазыбектің 14 жасында Қалмақтың ханы Қонтайшының аузын аштырмай ,елшілікке баруы әдемі көрініс тапты .
Үш кемеңгер дүлділім
Сақтаған ел бірлігін
Қазақта қара қылды қақ бөлген
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің
Өміріне, сөз үлгілеріне зер салайық. -деп С. Торайғыров ақынымыз жырлағандай ,бүгін де елдің бірлігін , татулығын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек бидің өмір тарихынан сыр шертетін ақын Дидар Қамиев пен Сара Тоқтамысованың айтысы кеш ажарын аша түсті.
Кеш соңы студенттердің «Мен қазақпын» әнімен аяқталды.
Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Кенишбаева Г.Т