аываываывавы

Жезқазған қаласы жоғары медициналық колледжінде кәсіби сынамалар

Оқушылардың қысқы демалысы қаңтар айында Жезқазған қаласының мектеп оқушыларымен кәсіби бағыт беру сынамалары өткізілді. Жезқазған қаласының жоғары медицналық колледжінде «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» және «Акушер» біліктілігі, «Мейіргер ісі» мамандығы «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі, «Стоматология» мамандығы «Дантист» біліктілігі, «Лабораториялық диагностика» мамандығы «Медициналық лаборант» біліктілігі бойынша орта буын медицина қызметкерлерін даярлайды.  Колледж оқытушылара Г.К.Мамраева, Б.Н.Игенова, Ж.О.Рахметова, А.Р.Муканова, М.Т.Есіркеп, Г.Б.Ибраеваның басшылығымен анатомия, химия, биология, физика пәндерінен медицинамен байланыстырылған қызықты сабақтар жүргізілді.  Анатомия сабағы өте қызықты және пайдалы мәліметтермен өткізілді. Химия сабағында мұғалім оқушыларға химиялық талдау арқылы тағамның сапасын анықтау жолдарын анық көрсеттімұны салауатты тамақтану және салауатты өмір салты тақырыбымен байланыстырдыСалауатты өмір салтының химиялық тұрғыдан адам ағзасына әсерімен танысу өте қызықты болды. Биология сабағы адам генетикасымен тығыз байланыстырылып, медицинаны қамтыды. Физика сабағында оқушылар артериялық қан қысымын өлшеуді үйреніп, ауруларды физикалық диагностикалық зерттеу әдістерімен танысты.


Келулердің саны: 1708

Жоғары