2022 жылдың 1 наурызында «Өнегелі өмір» жобасы аясында жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс- тәжірибесімен танысу арқылы жас ұрпақты өмірде өз орнын таба білуге баулу, мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Мейірім мен ізгіліктің жаршысы» тақырыбында Жезқазған жоғары медициналық колледжіндегі анатомия және физиология пәнінің оқытушысы Мамраева Гүлнар Қошқарбайқызы Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп лицейінде 10 “Б” сынып оқушыларымен сұхбат өткізді.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру, мамандық таңдау жолдары жайлы тағылымды ақыл кеңестерін айтып, медициналық бағыттағы мамандықтардың қыр-сыры жайлы ой бөлісті. Сұхбатқа қатысушы оқушылар өздерін қызықтырып жүрген сауалдарына тұшымды жауап алды. Модератор: Бұхарова Анаркуль Оразовна. Бұл іс- шараның оқушылар үшін маңызы зор, әсері мол болды.